Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Күзгі әуендер) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Күзгі әуендер өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Күзгі әуендер, күз туралы өлең куз туралы олен стих




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Күзгі әуендер)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Күзгі әуендер) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Күзгі әуендер) на казахском языке

Қаздар қайтып барады түстігіне,
Өлеңіммен саз қостым құс тіліне.
Сары күзде сарғайтқан жапырақты
Мендік жалқы жүректің ыстығы де,
Қаздар қайтып барады түстігіне…
Тәңіртаудың талықсып таңғы етегі,
Жабырқаған жанымды жарлы етеді.
Саздар ұшқан айдыннан қаздар ұшса,
Оның-дағы сағынар бар мекені,
Тәңіртаудың талықсып таңғы етегі…
Қара таппай тұратын ұрынарға,
Бұл тағдырдың беймәлім сыры бар ма?
Көз алдымда көлбеңдеп тұрып алма,
Бақыт деген сыймайды алақанға,
Уақыт деген ұқсайды зымыранға.
…Тәңіртауға қарасам күнес көрдім,
Етегінде шалғынмен бір өскенмін.
Қайтқан қаздың барады қанатында
Сағынышым сағымға ілескен күн.
Тәңіртауға қарасам күнес көрдім…


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 769
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .