Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген....) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген....)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген....) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген....) на казахском языке

Өлмей тұрып үмітін еш үзбеген,
Қара түнім, байлап таста көзімді!..
Ұшқан құстың қанатымен іздегем
Жалғыздықтың жанарымен өзіңді...

Со-нау көкте өңін бермей тұр қарап,
Сәулем, неге айға барып байландың?
Қабағымнан бара жатты сырғанап,
Қара шашын қара түнде жайған мұң.

Қара суық гүлдерімді тоңдырып,
(Мұңлы әуен, өз басыңа көрінгір...)
Қара түнді қанатына қондырып,
Қара гүлді ауырсынған өмір жүр.

Бақ па, сор ма осы болар келтесі,
Уды іштім деп ұғынып осы бал.
Қара тұман сейілгенде ертесі
Күлі қалған қара гүлді есіңе ал...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 131
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .