Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Қыз бұрымы өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Қыз бұрымы




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы) на казахском языке

Жырымнан ізде даралық,
Көктегі күн боп көрінген.
Қыз бұрымындай таранып,
Қыз бұрымындай өрілген.

Сезімім менің ол ыстық,
Сыңғыры аумас шолпыдан.
Қыз бұрымындай толықсып,
Қыз бұрымындай толқыған.

Жырымның жанса жанары,
Жан-дүниемнің әлемі.
Қыз бұрымындай салалы,
Қыз бұрымындай әдемі.

Күндер де зулап барады,
Көктегі күндей көңілім.
Үйлесім тапса жарады –
Қыз бұрымындай өмірім!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 51
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .