Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Мен сүйген қыз...) » ZHARAR © 2016 | бауыржан әліқожа Мен сүйген қыз... өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Мен сүйген қыз...




  • »

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Мен сүйген қыз...)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Мен сүйген қыз...) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Мен сүйген қыз...) на казахском языке

Көңіл кірбің, деліқұлы күйге ендім,
Қол жетпеске ұмтыламыз кейде осы.
Мен әлемде бір-ақ қызды сүйгенмін,
Қалғандары соның ұқсас бейнесі.

Қоңыр кеште бір сұлуды ұнаттым,
Ұмыттырып жіберердей өзгені.
Күлкісі де сыңғырындай бұлақтың,
Аруымнан аумайды екен көздері.

Еркелеу қыз алды бірде еркімді,
Жан жүйемді қытықтайды қылығы.
Сұлуымды көз алдыма келтірді,
Сала құлаш жерге тиген бұрымы.

Сәби бейне, қардай аппақ көңілі,
Сезімдердің көгершінін ұшырды.
Сүйкімдінің оймақтайын еріні,
Сыңарымды тағы есіме түсірді.

Бір бойжеткен жүрегімде лаулады,
Ай да-өзі, жұлдыз да-өзі, күн-өзі!!!
Жылу беріп өн бойыма баурады,
Ғашығымның мейіріндей мінезі.

Көкірегімде арпалысқан сан ағын,
Бұйыртқан күн таппайды ма ізгі арна.
Мен осылай күнде ғашық боламын,
Сүйгеніме ұқсайтұғын қыздарға!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 126
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .