Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Наз) » ZHARAR © 2017 | бауыржан әліқожа Наз өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Наз




  • »

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Наз)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Наз) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Наз) на казахском языке

Үлде мен бүлдеге қымтанып,
Жалғанда жүргендей бір өзі...
Отырсың тағы да мін тағып,
Құбылма жан ба едің мінезі.

Бұртия бересің қашанғы,
Кінәмшіл неліктен жас жаның?!
Қылықтан арылмай жасанды,
Айбарлы көрінбес асқарың.

Бойдағы сарқыдың сабырды,
Бұл сенің не еткенің қарағым?!
Жанымның әйнегі шағылды,
Өзіңді жек көріп барамын.

Шырылдап шарқ ұрды шыдамым,
Ызаға толғандай көкірек.
Баянсыз бақыттан ұғарым,
Сезімім боп қалды «жетімек».


Сырымды тұрғандай тыңдап күз,
Сап-сары алтыны жалтырап.
Жүрегім соғады шын бақсыз,
Жапырақ секілді қалтырап.

Көңілге қыс орнап, жаз кірмей,
Кеудемді торлады шұбар мұң.
Махаббат жолында Мәжнүндей,
Жынданып кететін шығармын!!!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 88
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .