Бауыржан Әліқожа (Торундегі түн)

 Бауыржан Әліқожа (Торундегі түн)

Көз байлауға қамданды кешкі дала,
Қарақоңыр түске енді ескі қала.
Жасанды шам көшеге сән бергенмен,
Бар жарығы аспанның өшті жаңа.
Жарқырайды қайтадан таң атады,
Құбылыстар туады жаңа тағы.
Ату үшін асыққан Күн сияқты,
Дөңгеленіп дүние бара атады...
Кеңге жайды қанатын қала түні,
Қанша жерге белгілі баратыны...
Менің ойымдағыдай жыр жаза алмас,
Жиылса да Торунның бар ақыны.
Қысқан кезде бойымды дара шабыт,
Топтан қашып іздеймін оңашалық.
Жылдам жазып алмасам ауырамын,
Қылдан нәзік жаныма жара салып.
Тұлғам жырға толғанда, жуған нұрға,
Қызық болмас сауығың, думаның да...
Таңсық емес Галилей, Коперник те,
Фараби топырағында туған ұлға.
«Қайтыңдар деп бұл жақтан өмір көріп»,
Торун бізге тұр, міне, төрін беріп.
Түн өлеңге, ал өзім түнге сіңіп,
Асқақ басып келемін көңілденіп.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?