Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қала түні) » ZHARAR © 2017 | ақерке асан Қала түні өлең стихи на казахском акерке асан казакша олен, ақерке асан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акерке асан, акерке асан казакша олендер, Қала түні




  • »

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қала түні)

Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қала түні) казакша Қазақша өлең: Ақерке Асан (Қала түні) на казахском языке

Түн.
Қала.
Майқұдықтың көшесі.
Түн тұмары -
өкпе, нала...
Шыдар кімнің еңсесі?
Сағындыртпай келер, бәлкім,
Жел -құмарым,
шерлесім.
Жер-АНА дер,кәне, бар кім,
Кеп жұбатар жерлесін?
Құлқына кім құрбан қылар,
Кеудедегі жүрегін?
Көлеңкесі күн батырар,
Көкіректі түнедім...
Айта берсем қайта айналып,
Мына түнге өкпені,
Қара түнде мұңды жуып,
Ақ жауын да төкпеді!
Қара өлеңге құмар қанып,
Дұға қылдым Қасымға.
Жұмақ қалды жұпар аңқып,
Жайнамаздың басында.
Келем, міне, жалғызсырап...
Майқұдықтың көшесі.
Шамдар өшті, үміт бірақ,
Айқын еді сөнбесі.
Қара барқыт-қара түн бұл,
Ай жамылған көрпесі.
ДАЛА - дүл-дүл!
ҚАЛА - тыныш -
Ақындардың түрмесі!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 66
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .