Ақерке Асан (Ақ қарға көмiлiп қалмасам екен...)

 Ақерке Асан (Ақ қарға көмiлiп қалмасам екен...)

Қалтыратқан қараша-мекен -
Жолдары көп, өткел жоқ.
Ақ қарға көмiлiп қалмасам екен,
Сен келем дегенше "көктем" боп...

Алқызыл гүлдi алмасаң екен,
Алқызыл көйлек кигем жоқ.
Ақ таңдарға жалғасар ма екен?!
Қара түн қалған өкпем көп.

Бiреуге биiк - аласа екен,
Көңiлiм сенде адасты...
Саған бәрi де, күнiм, жарасады екен,
Жүзiгiңнен басқасы...

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...