» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған) на казахском языке
Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған,
Баяғы бала мінез, бала тұлғам.
Дәл осылай он алты жасымда мен,
Басымнан түн өткеріп, таң атырғам.
Баяғыдай мінезім, ақылым да,
Кеткенім жоқ әлі ұзап шақырымға.
Мытып қалсам өкшемді атырылған,
Жирен тай жоқ жалғыз-ақ тақымымда.
Баяғыдай күндерім түнге ұласқан,
Түнді сүйем...
Сүюші ем түнді жастан.
Өмір деген мектепті бітіре алмай,
Көше алмай-ақ келемін бір кластан.
Баяғыдай шыт-шыбыр жейделерім,
Баяғыдай күлгенім, сөйлегенім.
Баяғыдай ұрттап ап ыстық астан,
Аузым күйіп қалады кейде менің.
Баяғыдай...
Бәрі де баяғыдай.
Баяғыдай кілемін жаяды май.
Енді маған қырықтың қылығын бер,
Ақылын бер, арын бер, ая, құдай!

Автор: nurgul95 | 174 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған, мұқағали мақатаев Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке