Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Бойжеткен) » ZHARAR © 2017 | бойжеткен туралы өлеңдер,Жанкелді Немеребай Бойжеткен өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке , казакша олендер ,




  • »

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Бойжеткен)

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Бойжеткен) казакша Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Бойжеткен) на казахском языке

Мен сені көргенімде үйленген ем,
Сондықтан жақындауға именген ем.
Қол ұстасу керегін білгенменен,
Шалыс басу әдеттен жиренген ем.
Сенімен танысқанда бойдақ емен,
(Жүрмеймін баяғыдай тойлап ерен)
Құлпыңды ашам кел маған демесем де,
Сыр тыңдасам деген бір ойға келем.
Тағы бір жолыққанда жарым болған,
Мен үшін аянбайды ол барын қолдан.
Кешір мені кешіңе соғалмаймын,
Көшім кері бұрылмас жарым жолдан.
Түсін мені бойжеткен үйленген ем,
От сезімге болса да күйген денең.
Шалқып басып өмірде жүргенменен,
Қолтықтасып кеталман сүйгенменен...

Мен сені шынымен-ақ сүйіп едім,
Білмеймін бұдан әрі жалғаса мА?
Білерім достық үшін биік едің,
Алайда махаббатқа алмаса ма?
Болса да бұл ғашықтық тілге дерек,
Не пайда махаббатта мән болмаса?
Бір жүректің сүйгені кімге керек,
Сезіміңе дәнекер жан болмаса.
Сыр ашпадың демеймін неге мүлде,
Мен қайта көп сырыңды жинағамын.
(Мені мәңгі сүйіп өт) дегенің бе?
«Сүй жан сәулем» кітабын сыйлағаның.
Содан бері кіршіксіз сүйіп келем,
Нанбасаң жырларымнан төзімді көр.
Мен қазір сенен бетер биіктегем,
Күн секілді аспаннан көзім күлер...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 197
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .