Жанкелді Немеребай (Кейде аңсаймыз жазылмаған тағдырды)

 Жанкелді Немеребай (Кейде аңсаймыз жазылмаған тағдырды)

Кейде аңсаймыз жазылмаған тағдырды,
Таңғажайып өмір сәнін не түрлі.
Кейде аңсаймыз жаумай кеткен жаңбырды,
Құмдағы гүл секілді...
Беу,дүние неге аңсаттың кілті жоқ,
Темір әйнек аржағынан сүйіп құр.
Аспан ашық,бір түйір де бұлты жоқ,
Жауын неге құйып тұр?!
Атақ,мәнсап олжа емес-ау ол да аса,
Осы нені қиялдаймын мен бірақ?
Бір арманым лайланғаны болмаса,
Өз бақытым мөлдір-ақ...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!