Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Түнгі жыр) » ZHARAR © 2016 | бауыржан әліқожа Түнгі жыр өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Түнгі жыр




  • »

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Түнгі жыр)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Түнгі жыр) казакша Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Түнгі жыр) на казахском языке

Жасаған құлын Айды мертіктірме,
Келеді аспан төсі бөртіп түнде.
Есіме түсті қарғам,
Шақта осынау,
Жүр екен менсіз сырын шертіп кімге?!

Жұлдызы бөртіп төске ұрған аспан,
Құс жолы соқпақ па еді қырға қашқан.
Көмкерген кереметті Көк күмбезі,
Өзіңдей ғашық едім жырға бастан.

Басылмай көңілімнің елеңдесі,
Көшеді көкірегімде өлең көші.
Көліктің көшедегі жарығымен,
Ағаштың бөлмеме енді көлеңкесі.

Отырмын сан ойларға беріліп мен,
Өмірім өтіп жатыр серілікпен.
Еседі пенде-ғұмыр шаттық іздеп,
Бір бақыт қайдасың деп мені күткен.

Бастаған аяқ-қолы жансыздана,
Тіріліп, серпіледі қамсыз қала.
Төңірек боялды әне бозаң нұрға,
Оянды тіршілік те таң сыздана.

Бұл да бір табиғаттың сазы-дағы,
Жарасқан жаз қылықтың назына әні.
Түндегі бөрткен дене асқынбастан,
Ақ күннің шуағымен жазылады.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 77
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .