![]() |
|
![]() |
Бақытгүл Бабаш (Біз екеуміз)

Тағдырдың отына күймеген шынармын,
Жаныма болады сыңар кім?
Дүние-дүрмектің бәрін де ұмытып,
Мен бұлай ешкімді сүймеген шығармын?!
Ақ бұлтпен астасып арманның аспаны,
Аяулы шақтарым бақытқа бастады.
Біз кешкен бал сәтті бұрын да сезініп,
Сен сүйіп көріп пе ең басқаны?
Жарығым, жазмышқа жайым жоқ алаңдар,
Тексіздер таптаған тірліктен табам ба ар?
Білгенге, бір ғана жүрекпіз – Екеуміз,
Айыра алмайды адамдар!
Ой-теңіз, тылсымы тартады тереңге,
Өлшеулі өмірміз – айналар өлеңге.
Мүлде екі қалада жүрсек те, сен-бей-міз,
Қосылмау – қасірет дегенге!
Тағдырдың отына қанатым күйсе егер,
Сен едің бейдауа дертімді түйсінер.
Жазылған жырым(ң)ды тергейді несіне,
(Сүйсе егер)... Біздей боп сүйсін ел!
Жаныма болады сыңар кім?
Дүние-дүрмектің бәрін де ұмытып,
Мен бұлай ешкімді сүймеген шығармын?!
Ақ бұлтпен астасып арманның аспаны,
Аяулы шақтарым бақытқа бастады.
Біз кешкен бал сәтті бұрын да сезініп,
Сен сүйіп көріп пе ең басқаны?
Жарығым, жазмышқа жайым жоқ алаңдар,
Тексіздер таптаған тірліктен табам ба ар?
Білгенге, бір ғана жүрекпіз – Екеуміз,
Айыра алмайды адамдар!
Ой-теңіз, тылсымы тартады тереңге,
Өлшеулі өмірміз – айналар өлеңге.
Мүлде екі қалада жүрсек те, сен-бей-міз,
Қосылмау – қасірет дегенге!
Тағдырдың отына қанатым күйсе егер,
Сен едің бейдауа дертімді түйсінер.
Жазылған жырым(ң)ды тергейді несіне,
(Сүйсе егер)... Біздей боп сүйсін ел!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: бақытгүл бабаш Біз екеуміз өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Біз екеуміз