![]() |
|
![]() |
Бақытгүл Бабаш (Кіналай алмаймын ғой....)

Кіналай алмаймын ғой -
Жүректің мұзы ерімей,
Болмаса күрсінгенім.
Куйінгенім.
Тағы да тұман көңіл.
Тағы да күмәнді өмір.
Тағы да үмітсіздің үйіндемін.
Алдайды сағым неге?
Жанбайды бағым неге?
Тағдырдың таусылмады-ау зауалы мың.
Аңсадым неге сені?
Басады мұң еңсені.
Жауабын кім айтады сауалымның?
Жазғыра алмаймын ғой -
Жанарда тұнса да арман,
Қолыңда болса жалған,
Келер едің.
Алыстан сағынысып...
Өртеніп, жанып-ысып,
Жаныма білмей кеттім не керегін...
Жүректің мұзы ерімей,
Болмаса күрсінгенім.
Куйінгенім.
Тағы да тұман көңіл.
Тағы да күмәнді өмір.
Тағы да үмітсіздің үйіндемін.
Алдайды сағым неге?
Жанбайды бағым неге?
Тағдырдың таусылмады-ау зауалы мың.
Аңсадым неге сені?
Басады мұң еңсені.
Жауабын кім айтады сауалымның?
Жазғыра алмаймын ғой -
Жанарда тұнса да арман,
Қолыңда болса жалған,
Келер едің.
Алыстан сағынысып...
Өртеніп, жанып-ысып,
Жаныма білмей кеттім не керегін...
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: бақытгүл бабаш Кіналай алмаймын ғой өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Кіналай алмаймын ғой