Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Күткенде....) » ZHARAR © 2017 | бақытгүл бабаш Күткенде өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Күткенде




  • »

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Күткенде....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Күткенде....) казакша Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Күткенде....) на казахском языке

Күткенде уақыт өтпейді неге?
Күлімдеп бақыт жетпейді неге?
Сағынып сені аласұрғанда,
Жүрегім құс боп кетпейді неге?

Көкейде жүрген көңілдің сыны, ә?
Көзімнен неге төгілді күнә?
Қияли қызды қуыршақ қылған,
Не істесем екен өмірді мына?

Аспан да құлап қалады деп пе ем?
Басқа мұң бұлай салады деп пе ем?
Ізің түспейтін жолыңа қарап,
Қарашықтарым талады деп пе ем?

Жауапсыз қалып сұрақтың бәрі,
Жылатып, налып, жұбаттың ба әрі?
Жанарыңда ғой, жалғанда мынау,
Шын болса егер жұмақтың бары!

Жаныңа жарық жақсын өлеңім,
Тілегімді айтып таспық өремін.
Үнсіздігіңмен азапта, мейлі,
Бәрібір сені жақсы көремін,
Жақсы көремін!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 382
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .