![]() |
|
![]() |
Бақытгүл Бабаш (Жүрегімде жалғыз аққу бар менің....)

Жүрегімде жалғыз аққу бар менің,
Таңсық оған тіршіліктің сыны әлі.
Тауып бере алмадым-ау жан емін.
Әлде адасып кетті ме екен сыңары?
Кеше түнде тағы да алды мазаны.
Енді қалай жер бетіне сиямын?
Құлағыма бір үн келед азалы,
Шырқау көкке шарықтаса қиялым.
Не сау емес, не жынды емес, хал бөлек,
Хаққа жетпей, қайтып келді тілегім.
Көз алдымда барады өмір дөңгелеп,
Неге маған ұстатпайды ол білегін?
Алдайды тек, бәрі алдайды, бос үміт.
Кетсем бе екен ештеңеге қарамай?
Қарашығы құстың мұңын көшіріп,
Аспанымнан үнсіз ауып барады Ай...
Таңсық оған тіршіліктің сыны әлі.
Тауып бере алмадым-ау жан емін.
Әлде адасып кетті ме екен сыңары?
Кеше түнде тағы да алды мазаны.
Енді қалай жер бетіне сиямын?
Құлағыма бір үн келед азалы,
Шырқау көкке шарықтаса қиялым.
Не сау емес, не жынды емес, хал бөлек,
Хаққа жетпей, қайтып келді тілегім.
Көз алдымда барады өмір дөңгелеп,
Неге маған ұстатпайды ол білегін?
Алдайды тек, бәрі алдайды, бос үміт.
Кетсем бе екен ештеңеге қарамай?
Қарашығы құстың мұңын көшіріп,
Аспанымнан үнсіз ауып барады Ай...
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: бақытгүл бабаш Жүрегімде жалғыз аққу бар менің өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Жүрегімде жалғыз аққу бар менің