![]() |
|
![]() |
Бақытгүл Бабаш (Монолог)

Құзғын-қайғы керіп қара қанатын,
Таусылуға айналғанда тағатым.
Сабыр деген сары алтыным сыр беріп,
Жанарыма қамалғанда қара түн:
Жаным - жарқын жақсылықты аңсап бір,
Кірпігімнен үзіледі моншақ құр.
Жалғанымның бетпердесін ашып ем,
Жан-жағымды аш бөрілер қоршап тұр.
Біле алмадым: өңім бе бұл, түсім бе,
Қарманамын қалың тұман ішінде.
Жалғыз жылап, үнсіз келе жатамын,
Сорбұлақтың суатынан ішуге.
Жүзім-көктем, жүрегімде - күз менің,
(Көктемімнен күдерімді үзбедім).
Тірілерден бір таяныш таба алмай,
Өлең-оймен Өлілерді іздедім.
Өмір жолы боран болып ызғарлы,
Жүректерін жіберді ме мұз қарып.
Тірілер жүр Өлілердің мәңгілік,
Көріндегі тыныштығын қызғанып.
Солай...
Таусылуға айналғанда тағатым.
Сабыр деген сары алтыным сыр беріп,
Жанарыма қамалғанда қара түн:
Жаным - жарқын жақсылықты аңсап бір,
Кірпігімнен үзіледі моншақ құр.
Жалғанымның бетпердесін ашып ем,
Жан-жағымды аш бөрілер қоршап тұр.
Біле алмадым: өңім бе бұл, түсім бе,
Қарманамын қалың тұман ішінде.
Жалғыз жылап, үнсіз келе жатамын,
Сорбұлақтың суатынан ішуге.
Жүзім-көктем, жүрегімде - күз менің,
(Көктемімнен күдерімді үзбедім).
Тірілерден бір таяныш таба алмай,
Өлең-оймен Өлілерді іздедім.
Өмір жолы боран болып ызғарлы,
Жүректерін жіберді ме мұз қарып.
Тірілер жүр Өлілердің мәңгілік,
Көріндегі тыныштығын қызғанып.
Солай...
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: бақытгүл бабаш Монолог өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, бақытгүл бабаш өлеңдері, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Монолог