Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Сезім солай сөнеді ме, білер кім?) » ZHARAR © 2016 | бақытгүл бабаш Сезім солай сөнеді ме білер кім өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Сезім солай сөнеді ме білер кім




  • »

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Сезім солай сөнеді ме, білер кім?)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Сезім солай сөнеді ме, білер кім?) казакша Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Сезім солай сөнеді ме, білер кім?) на казахском языке

Сезім солай сөнеді ме, білер кім?
Көшеде-күз, мен де бұлттай түнердім.
Үнсіздігің үгіп бітті жанымды,
Сезімге ерген сергелдеңнің бірі едім.

Өзімді өзім жұбата алмай әлекпін,
Өзімді өзім ұната алмай әлекпін.
Бір таяныш таба алмаған тірліктен,
Жүрегімді уата алмай әлекпін.

Түн қойнында жылағаным не еткенім?
Көкте едім ғой, құлағаным не еткенім?
Тағдырымнан, таң нұрынан, жаңбырдан,
Сені ғана сұрағаным не еткенім?

Бұл не қылған ұзақ ғұмыр бітпейтін?
Бір жолдамын, ешкім де алдан күтпейтін
Сен жалықтың, мен жаңа ұқтым,сенімнің,
Сәукелесін сыйға тартып сүттей түн.

Ақ аспаннан орамалын бұлғады Ай,
Шақыра ма мені көкке, бұл қалай?
Жер бетінен жоғалар ем қазір-ақ,
Жаным,сені көргім келіп тұрғаы-ай...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 589
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .