Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Ай да болғым келмейді, аспаны бар....) » ZHARAR © 2017 | бақытгүл бабаш Ай да болғым келмейді аспаны бар өлең стихи на казахском языке бахытгуль бабаш казакша олен, стихи на казахском языке бахытгуль бабаш, бахытгуль бабаш казакша олендер, Ай да болғым келмейді аспаны бар




  • »

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Ай да болғым келмейді, аспаны бар....)

Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Ай да болғым келмейді, аспаны бар....) казакша Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Ай да болғым келмейді, аспаны бар....) на казахском языке

Ай да болғым келмейді, аспаны бар.
Аспаны бар, ғазалы, дастаны бар.
Мен Гүл болғым келеді, дүниенің
Ұлылығын тамырсыз тастан ұғар.

Күнім деп те алдама. Күн емеспін.
Жанымды өртеп жүр әлі - Мұң. Елес. Түн.
Мен Гүл болғым келеді қолыңдағы,
Сұрай алмай жүрсе екен сенен ешкім.

Сабағыма түсірмес уақыт сызын,
Ақ күлтеме жырымнан жақұт тіздім.
Еңлік гүл едім мен. Қызғалдаққа
Қолың создың. Қайтемін...Бақытсызбын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 375
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .