Қазақша өлең: Иса Байзақов (Кәрібай шал) » ZHARAR © 2017 | иса байзаков Кәрібай шал туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Кәрібай шал




  • »

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Кәрібай шал)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Кәрібай шал) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Кәрібай шал) на казахском языке

Күн суық қыстың күні, даласы қар,
Жол оңап жүргізбейді тағы да тар.
Жүк салып арық атқа өлең айтып,
Келеді ыққа қарай Кәрібай шал.
Жүк тартып келе жатты Кәрібай шал,
Жалғыздың бейнет көрсе жоқ қой амал.
Жеткенде бір оқапқа қамытының
Шарт етті шұжығы үзіліп адыра қал.
«Үйімде аш, жалаңаш қатын-балам,
Тамақты еңбек қылмай қайдан табам.
Жүрмейді айдағанға жамандатқыр,
Қалаға кеш боп қалды қашан барам».
Кәрібай ілгерілеп алға басты,
Өзіндей шаруаға үлгі шашты.
Жұмысын коллективтің түрлендіріп,
Өзара социалдық жарыс ашты.
Төрт жылда орындады бес жылдықты,
Кәрібай жұмысына сондай мықты.
Астықтың ұлы қызу науқанында,
Кәрібай талайынан озып шықты.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 101
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .