Иса Байзақов (Біздің еңбек)

 Иса Байзақов (Біздің еңбек)

Қазақстанның 5 жылдың мерекесіне

Еңбек етіп езіліп жатқан еліне,
Жеміс егіп қазақтың ескі жеріне,
Жетім зарын, елдің қамын баяндап,
Үлгі берген еңбекші қазақ еліне.
Битке тәні, байга жаны құл болған,
Өмірі өксіп, үміті өшіп тұл болған.
Бейуаздардың көңіліне күн беріп,
Біздің еңбек жауыздарға түн болған.
Сүйгеніне сүйінішпен бармаған,
Жылы жауап ата-анадан алмаған,
Әйелдерге бостандығын әперіп,
Біздің еңбек тұңғыш рет қорғаған.
Құсын күтіп құсбегідей тояттан,
Сезім беріп ар мен намыс оятқан,
«Кел, бауырлар, оқып білім ізде» деп
Біздің еңбек ел жастарын оятқан.
Еңбекші елдің шын кірісіп қамына,
Шығыңдар деп дүниенің алдына,
Ол кезде революция деген сөз өзгеріс,
Төңкеріс деп айтылатын.
Біздің еңбек құшағына шақырған,
Күншығыстың жаңа жарың таңына.
Үмітті, ойлы, саналыға сән берген,
Үміті жоқ өлген елге жан берген,
Біздің еңбек ел жүрегін қыздырып,
Қажымас қайрат, оттан ыстық қан берген.
Шынығамыз тағы көп жыл еңбекте,
Сені сүйген ойлар жатыр туу шетте,
Төрт жасыңда төрт жүз жылдың іс қылдың,
Жұмылайық қосып тізе еңбекке!

1925 ж.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?