Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл әскер маршы) » ZHARAR © 2017 | иса байзаков Қызыл әскер маршы туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Қызыл әскер маршы




  • »

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл әскер маршы)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл әскер маршы) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл әскер маршы) на казахском языке

Біз арыстан - еңбекшілер қыраны,
Біздің ұран - лениншілдер ұраны,
Қаны қара жауыздарды қүртамыз,
Қызыл әскер - езілгендер қорғаны.
Кеңес туын мәңгілікке қорғаймыз,
Жанып тұрған нажағайдан таймаймыз.
Тасты құмдай ұсатамыз қайратпен,
Аштық, тоқтың, барлығына шыдаймыз.
Сұм байлардың қызғалдағы солғанша,
Бүкіл жерде социализм болғанша,
Неше мың жан құлдықтағы елдердің
Еңбегі өніп, жарық сәуле жанғанша.
Өнер, білім, қайрат, жігер бізде мол,
Жер де, көк те, су да, шөл де бәрі жол.
Қай патшаның қозғалса да байлары,
Өз қасында еңбекші тап, біздің қол.
Аттанамыз шықса байлар майданға,
Біз қорғанбыз, еңбек үшін туғанға,
Біздің мақсат әділ тұрмыс орнату,
Ленинизм жолыменен жиһанға.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 130
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .