Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жасасын қызыл болаттар) » ZHARAR © 2016 | иса байзаков Жасасын қызыл болаттар туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Жасасын қызыл болаттар




  • »

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жасасын қызыл болаттар)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жасасын қызыл болаттар) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жасасын қызыл болаттар) на казахском языке

Жүйріктерін орғытқан,
Қиялардан қарғытқан,
Қызыл болат кім екен?
Атта жердей ойнаған,
Көздері оттай жайнаған
Бұлар кімнің ұлы екен?
Қызыл туын құлпыртып,
Дұспан сағын сындырып,
Теңдік биін билеген;
Жарақтарын жайнатып,
Шағылтып жалт-жұлт ойнатып.
Еңбек күйін күйлеген.
Бұлар біздің қызыл ер,
Қызыл әскер жауынгер
Еңбекшілер қыраны,
Еңбекшінің өз көзі,
Октябрьдің жұлдызы,
Тегісшіл, теңдік ұраны.
Дұспанын аяп көрмейтін,
Жауға жолын бермейтін.
Еңбекшінің ұланы,
Байға кегін кешпейтін,
Жеңбей жарақ шешпейтін,
Қызыл ер - таудың қыраны.
Қысылтаяң күн туса,
Нөсер құйса, оқ жауса,
Жалығып, қажып талмайтын
Арам құзғын ойларға
Қара жүрек байларға,
Наркескенін арнайтын.
Байлар қастың қамдаса
Қаны бұзық қайнаса,
Тап қорғауға дайын ол;
Кеңес елін қорғауға,
Өз сертінен таймауға,
Болаттан да берік ол.
Еңбекшілер дүниесін
Шын еңбектің иесін,
Жау қолына бермейтін,
Жасасын қызыл болаттар,
Біздің темір қанаттар,
Еңбегі мәңгі өлмейтін.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 82
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .