Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Туған жерім – Сасықкөл) » ZHARAR © 2016 | магжан жумабаев Туған жерім – Сасықкөл өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, Туған жерім – Сасықкөл




  • »

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Туған жерім – Сасықкөл)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Туған жерім – Сасықкөл) казакша Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Туған жерім – Сасықкөл) на казахском языке

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетіңде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мап-майда мөлдірінде қалқыған көл.

Жанында жас балалар ойнаған көл,
Жан-жануар суыңды ішіп, тоймаған көл
Көз салып жалтырыңа, мұңға батып
Ғашықтар жарын іздеп, ойлаған көл.

Шешініп қыз-келіншек су алған көл
Әр жанды мөлдіріңнен суарған көл
Масайрап, суға тойып төрт түлік мал
Дөңіне ойнақ салып, қуанған көл.

Сыртыңда ақ боз үйлер жарасқан көл,
Байларың кедейлерге қарасқан көл
Ағайын тату-тәтті – қоныс бірге,
Саулықты сағат сайын сұрасқан көл.

Түрлі құс әуез қосып, шулаған көл
Шуақта балықтарың тулаған көл
Сапырып сары қымыз ертенді-кеш
Басында кеңес құрып, дулаған көл.

Сасық деп еркелетіп, ат қойған көл,
От-суға иең түгіл, жат тойған көл,
Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп,
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл.

Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл,
Құрбымен ойнап-күліп, кел дескен көл,
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап
Күресіп күн батқанда белдескен көл.

Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл
Сусын боп сұрағанға, от болған көл
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта
Бейне бір сенің басың сүт болған көл.

Білмеймін не боларың, қайран көлім
Жарайды тең болмаса күн мен түнің
Итиіп қарашекпен келіп қонса
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 835
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, магжан жумабаев Туған жерім – Сасықкөл өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Туған жерім – Сасықкөл, магжан жумабаев Туған жерім – Сасықкөл өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском я, Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Туған жерім – Сасықкөл) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .