» » » Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жазғытұры)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жазғытұры)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жазғытұры) казакша Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жазғытұры) на казахском языке
Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға,
Секіріп арық-тұрақ кетті тойға.
Жас бала: «Жазғытұры туды»,- десіп,
Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,
Қуанып жан-жануар, алшаң басып,
Қалмады қайғы-уайым ешбір ойда,
Нұрлы күн алтын нұрын шаша бастап,
Шықсын деп қысқы ызғар өткен бойға.
Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып,
Дәл сұлу бұраңдаған шолпы тағып.
Түрлі үнмен жаңа келген жылдың құсы
Тұрғандай қобыз ойнап, әнге салып.
Ұлы бай жылқы қамап, қыл күзеуге
Белсенген жылқышыға ноқталатып.
Балалар етек түріп, зыр жүгіріп,
Батпаққа бірін бірі домалатып,
Қырдағы жылқышар ұйқы көрмес,
Қолынан қулық бие құлындатып.
Май кірді, жер құлпырды, гүлдер жайнап,
Жібектей көкорайлар жатқан жайрап,
Сұлудай бұраңдаған бұтақтарда
Ән салып әр түрлі құс тұрған сайрап,
Суықтан тоңып өлген шыбын-шіркей
Тіріліп, қанат қағып, быж-быж қайнап,
Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап,
Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.
Уызға жаңа тойған жас құлынды
Шыңғыртып жылқышылар ұстап, байлап,
Азырақ күйлі шыққан қысыр тайын
Балалар шапқыласқан мініп жайдақ .
Қыс қысқан арық-тұрақ, жаман-жәутік
Кетті ғой әлдеқашан тырақайлап.
Жаратқан жанға рахат жазғытұрды
Шүкір қыл бір Аллаға «я, құдайлап»

Автор: nurgul95 | 270 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев Жазғытұры өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Жазғытұры, мағжан жұмабаев Жазғытұры өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша мағжан жұмабаев өлеңдері магжан жумабаев олендери магжан жумабаев стихи на казахском Жазғытұры, Өлең: Мағжан Жұмабаев (Жазғытұры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке