Айбек Бестенқұлов (Жүрейiн)

 Айбек Бестенқұлов (Жүрейiн)

Жауапсыз сезiмдi жырламай,
Көңiлсiз әндердi тыңдамай
Көрiктi көнiлдi бiр демде,
Көрiксiз мұңменен былғамай
Жүрейiн.

Сұлуды көрсем де қарамай,
Қуанып бақытқа баламай!
Орынсыз сөз естiп қалғанда,
Өзiмдi ойменен таламай
Жүрейiн.

Ақылды көрiніп сынамай,
Құлайтын жерлерде құламай
Күлетiн кездерде күрсiнбей,
Жүбату iздемей, жыламай
Жүрейiн.

Сен деген адамға сiз демей,
Бәрiне кiнәлi күз демей
Iздеген жандарды ұмытпай,
Ұмытқан жандарды iздемей
Жүрейiн.

Сүймеген адамды ұнатпай,
Жазықсыз адамды жылатпай.
Ешкiмдi тұғырға көтермей,
Көтерген адамды құлатпай.
Жүрейiн.

Жүрсе де кiм ал да,кiм кейiн,
Өкiну дегендi бiлмейiн
Бастысы дәл осы айтқанды,
Күнi ертең ұмытып жүрмейiн!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!