Айбек Бестенқұлов (Сүйген адам)

 Айбек Бестенқұлов (Сүйген адам)

Сөзiм жоқ "ұрып-жықтым, тептiм" дейтiн,
Ұқсамас бұзақыға кескiн-кейпiм.
Мен ойлаймын көшенiң тәртiбi емес,
"Адамдықтың заңы" деп ескiрмейтiн.
Танымайды десекте күш атасын,
Танымыңның өрiсiн тұсатасың.
Бiреудiң қол-аяғын сындырған күн,
Өзiңнiң болмысыңды ұсатасың.
Жұдырық сiлтемеппiн көзден дәлдеп,
Ешкiмдi алдамаппын сөзбен дәмдеп.
Ешкiмнiң ала жiбiн аттамасаң,
Сенi өзi табады кезген дәулет.
Күш көрсетiп қызды да қаратар ма?!
Сен өйтсең жете алмайсың дара таңға.
Мен тiлеймiн жұмылған жұдырықтар,
Айналсын аялайтын алақанға.
Сөзiмдi аяқтайын күлiп менде,
Алынбайтын қамалмыз бiрiккенде.
Тоқсан ауыз сөзiмнiң түйiнi сол,
Жақсылық жарасады жiгiттерге!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇


Жаңалықтар:
» Әрбір украиналық балаға жер қойнауын өндірудің пайызы беріледі - Зеленский 07.06.2021, 0
» 300 мың теңгеге дейін несие кешіріледі - министрлік жауап берді 07.06.2021, 0
» ЦентрКредит Банкі баспана алуға бағытталған жаңа бағдарлама шығарды 07.06.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы