Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Жігіттерге...) » ZHARAR © 2017 | жігіттерге арналған өлеңдер , жигиттерге арналған өлеңдер, жігіттер туралы өлеңдер,Айбек Бестенқұлов Жігіттерге өлең олен Айбек Бестенкулов стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Жігіттерге...)

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Жігіттерге...) казакша Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Жігіттерге...) на казахском языке

Сөзiм жоқ "ұрып-жықтым, тептiм" дейтiн,
Ұқсамас бұзақыға кескiн-кейпiм.
Мен ойлаймын көшенiң тәртiбi емес,
"Адамдықтың заңы" деп ескiрмейтiн.
Танымайды десекте күш атасын,
Танымыңның өрiсiн тұсатасың.
Бiреудiң қол-аяғын сындырған күн,
Өзiңнiң болмысыңды ұсатасың.
Жұдырық сiлтемеппiн көзден дәлдеп,
Ешкiмдi алдамаппын сөзбен дәмдеп.
Ешкiмнiң ала жiбiн аттамасаң,
Сенi өзi табады кезген дәулет.
Күш көрсетiп қызды да қаратар ма?!
Сен өйтсең жете алмайсың дара таңға.
Мен тiлеймiн жұмылған жұдырықтар,
Айналсын аялайтын алақанға.
Сөзiмдi аяқтайын күлiп менде,
Алынбайтын қамалмыз бiрiккенде.
Тоқсан ауыз сөзiмнiң түйiнi сол,
Жақсылық жарасады жiгiттерге!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 301
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .