Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Сіз) » ZHARAR © 2016 | Назгүл Бердіқожа Сіз өлең олен назгул бердикожа стихи на казахском, Назгүл Бердіқожа өлеңдері, стихи на казахском языке , казакша олендер




  • »

Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Сіз)

Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Сіз) казакша Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Сіз) на казахском языке

Баянын тауып бақыттың,
Балбырап сезім ол кетті,
Жұлдыздар жауған жақұт түн
Жанымды менің тербетті.
Аңқаңыз кеуіп сағына
Аласаруға қалайсыз?
Ұялшақ қыздың жанына
Ұрыншақ көзбен қарайсыз
Сөзіңіз неткен ізгі еді...
Сескеніп қалдым жиып бой
Мендегі сезім сіздегі
Сабырсыз ойдан биік қой!
Бақытыңды арнап бұл қызға
Баябан шөлден жетіп ең..
Баянға бейіт тұрғызба!
Жаурайды ол белдің өтінен
Үңілмеңізші жүрекке
Құлап кетесіз, өтінем.
Тұрмастай болып құлайсыз,
Шыңырауын құздың мекендеп
Еңіреп сонда жылайсыз
Неге жолықтым екен деп....


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 246
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .