Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!) » ZHARAR © 2016 | тіл туралы өлеңдер жинағы,Назгүл Бердіқожа Ұлтымның тілі ұрандай өлең олен назгул бердикожа стихи на казахском, Назгүл Бердіқожа өлеңдері, стихи




  • »

Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!)

Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!) казакша Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!) на казахском языке

Өзгеге байлап өзімді
Өрісте жағам жыртылды
Күмілжіп айтып сөзімді
Қызыл да тілім қырқылды.
Қағынан безген құландай
Жайрадық қанша жұтап кеп....
Қазақтың тілі – құрандай
Көктен бір түскен кітап боп
Бүр жарып балғын бұтағым
Қосамын тілек-тілекке.
Киелі киіз кітабым.
Күйдіріп басам жүрекке.
Оралып келсең өткенді
Өнеге сөзді талдайсың
Тіліңмен байлап кеткенді
Тісіңмен шеше алмайсың
Ақынмын менде ... топқа сал
Бұқардай бұрқап жырлайтын
Анамның тілін жоқтасам
Абылай бар ма тыңдайтын!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 382
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .