Бурабай туралы өлең
Бурабайым жүрегімнің төріндесің
Өр рухты қазақтың тектілері,
Найзадай намыстары көк тіледі.
Арқаланып алдыңда мен сөйлейін,
Жырға қосып Бурабайдай текті жерді.
Жырларымды қондырып қанатына,
Алып ұшып көктемнің жетті лебі.
Бурабайым ежелден сен едің ғой,
Қазағымның бас иер текті жері.
Қалайша мұны бүгін айтпай қалам,
Өзіңдей құтты мекен жоққой маған.
Бурабай бар қазақтың мақтанышы,
Ұран боп басымыздан бақ таймаған.
Бұл күнде аты естілсе Бурабайым,
Әуелеп ән,қағылар жыр қанаты.
Ұрпағы құрмет тұтып,қастерлеген,
Желден жүйрік жүйткіген жырдан аты.
Оқжетпес,Жұмбақтас пен Жекебатыр,
Қарағанда құмарың бір қанады,
Демалыс орындары аңыз болған ,
Бурабайдың бағы ғой жанып тұрған.
Ұрпаққа ұран болып қала берсін,
Ұлтымның ұмытылмас жауһат жері,
Бурабай жер жаннаты тіл жетпейтін,
Сен жайлысөз айтайын жаңа шыңнан.
Шабытымның желкенін жел кермесе,
Жыр себелеп кетейін қанатымнан.
Біртуар Біржан салдың елісің ғой,
Әніне аспан ұйып дала тынған.
Батырларың қылышын қыннан алған,
Бурабайым тамсандырдың жан-жағынан,
Бурабайдың тарихыда сан қилы ғой,
Ақындарың жырға қосып жыр-жырлаған.
Жер жаннаты Бурабаймен мақтанамыз,
Туған жерді жырға қосып шаттанамыз.
«Швейцариясы» атанған қазағымның,
Аты қалсын мәңгілік болып аңыз!
Зейнеп Өмірдос
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?