Туған жер- қасиетті, қастерлі ұғым


Туған жер- қасиетті, қастерлі ұғым.
Қиын күндер өтті бастан әр қазақтың,
Ашаршылық бәрін көрді азаптың.
Егеменді ел атанып нұрлы елім,
Тәуелсіздік алған күн ең ғажап күн.

Маржан жырдан жүрегіме сыр тұнды ,
Мақтан тұтам қазақ деген ұлтымды.
Ақтабанда Елім-ай деп жырлаған,
Жаратқаным жарылқа ел жұртымды.

Туған жерін жырламаған ақын барма,
Туған жерін қорғамаған батыр барма.
Туған жер деп жанында аямаған,
Тағзым етем ер жүрек батырларға.

Қорғап өткен қылыштың жүзіменен,
Жырлап өткен қыс,жазы,күзіменен.
Туған жерге жыр арнап менде келдім,
Мұқағали,Абайлардың ізіменен.

Қанымда бар қайсарлық қасиетім,
Тыңдап өстім ұлылардың өсиетін.
Өзге елде ұлтан болма өз жеріңнің,
Сұлтаны бол туған елге бас иетін.

Не жетсін туған жердің даласына,
Тең келмейтін байлыққа ,бар асылға.
Туып өскен мекенін жырға қосқан,
Айналдым әр қазақтың данасынан.

Қазақ елі көрікті әр қаласымен,
Көрікті кең жазира даласымен.
Елі үшін еңбек еткен аналарым,
Бақытты ержүректі баласымен.

Менде бүгін туған жермен мақтанамын,
Жырға қосам ақ ұлпадай мақталарын.
Балалығым өтті өзіңде бақытты боп,
Туған жер,туған өлке Мақтаралым!

Сенде өстім ,сенде ұштым қанаттанып,
Білім іздеп кеттім жырақ талаптанып.
Қолыма қалам алдым,тоқтар емес,
Жүрек жарды жырларым парақталып.

Елімізге Жаратқаным төксін нұрын,
Татулықтың құт мекенге ексін гүлін.
Әр адам білсе екен бұл өмірде,
Туған жер-қасиетті ,қастерлі ұғым.

Туған елім ,Қазақстан текті халқым,
Сақтап келген бабалар рухты даңқын.
Бейбіт елдің көк туын желбіретер,
Болашағы ұрпақтың болсын жарқын!

Жамиля Ануарова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу