👈 қаріп өлшемі 👉

Мұқағали Мақатаев (Көлің қайда туған елім?)

 Мұқағали Мақатаев (Көлің қайда туған елім?)

Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайтын киіктей.
Далаң қайда, туған елім?
Жатайын да ойлайын.
Бабам қайда, туған елім?
Сақалымен ойнайын.
Шөлің қайда, туған елім?
Шөліркейін, аңсайын.
Құлазыған құмдарыңда,
Ғұмырымды таусайын.
Көгің қайда, туған елім?
Желігейін, қалқиын.
Желің қайда, туған елім?
Желпінейін, шалқиын.
\"Тауың қайда, туған елім?
Табынайын, ардақтай,
Жауың бар ма, туған елім?
Атылайын садақтай

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Білім министрлігі «мұғалімдер айлығы қысқарады» деген қауесетті жоққа шығарды 08.12.2021, 0
» Президент Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті. 02.12.2021, 0
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы