» » » Өлең: Мәңгілік елдің мәңгілік еріне!

Өлең: Мәңгілік елдің мәңгілік еріне!

Өлең: Мәңгілік елдің мәңгілік еріне! казакша Өлең: Мәңгілік елдің мәңгілік еріне! на казахском языке
Медеубаева Айдана
10 сынып, № 25 гимназия
Екібастұз қаласы

Адам да тау сияқты, биік не аласалы,
Тұлғалы азаматтар қаламас аласаны.
Қорғаған елін желден, қара бұлт ызғарлардан,
Тұғыры биік шыңға ұқсатам аға сізді.
Ұлтымның ұлылығын сақтаған ұлы тұлға,
Қосады халқы бүгін бір өзін ән мен жырға ...
Елбасы деп табынып, сыйлаған ел мен жұрты,
Аңсаған армандары аппақ боп алдан шықты.
Топ жарған саңлақтай, біртуар нар тұлға ғой,
Қаншама дала, қала көтерді өзіңмен бой.
Ұрпаққа үлгі-өнеге болады әрбір ісің,
Ел ұлы абыроймен ақтаған ел үмітін.
Ашылды айқара есік осынау халқымызға,
Ұмыт боп кетіп еді, ата-жұрт салтымыз да.
Хабары тәуелсіздік жетіп ед өзіңізбен,
Басқалар таң қалады шын атақ даңқымызға ...
Астанам бейбітшілік қаласы боп атанды,
Елімнің көш ілгері басқаны байқалады.
«Еуропа ұйымына төраға болды ағам,» - деп,
Ұрпағы мақтанышпен айтып жүр, айтады әлі.
Қанатын жайып халқым, кеудесін керді кеңге,
Спортшы жастарымыз жеңіспен келді елге.
Жер-жерге даңқы шығып, танылды жақсы атымен,
Болды ғой басқаларға таң қалар үлгі-өнеге.
Жылылық шарпып өтіп, жүректің үніменен,
Шығарма жазып отырмын өз ана тілімде мен.
Бұл шіркін арманы еді, шың болған бабалардың,
Бас иіп сан ұрпағы, үлгі етер ағаларын.
Елміз ғой сыйлай білген, қашанда елін, ерін,
Көтерген биік қойып тұлғалы кемеңгерін.
Сіздердей ағаларым бар ұлы дана болған,
Мәңгілік Қазақстан, мен неткен бақытты едім!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 86 | 12.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, шығарма Мәңгілік елдің мәңгілік еріне! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мәңгілік елдің мәңгілік еріне! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мәңгілік елдің мәңгілік еріне!, , Өлең: Мәңгілік елдің мәңгілік еріне! қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке