Исмағұлов Сабыржан (Қазақтың елі, қазақтың жері)

 Исмағұлов Сабыржан (Қазақтың елі, қазақтың жері)

Қазыналы қазақ жері кен еді.
Елу елдің қатарына енеді.
Ұландары саф ауамен демалып,
Қуат алып қыйындықты жеңеді.
Қадіріне жеткен адам өз жерін,
Жерұйыққа,жұмаққада теңеді.
Жері қанша байтақ болса қазақтың,
Пейіліде соншалықты кең еді.

Күлімдеген күнде нұрын шашады.
Шыңын мəңгі аппақ қарлар басады.
Тарихына сөз жетпейтін Алатау,
Алматының ол ажарын ашады.
Тауы биік оқ жетпейтін Көкшетау,
Сұлулығы Швейцариядан асады.
Бүкіл қазақ жұдырықтай жыйылып,
Ең көрікті Астананы жасады.

Су тапшы боп кей бір елдер зар еді.
Таң қалатын əлемдердің əр елі.
Каспий,Арал қос қанатым секілді,
Құрлықтағы қос теңізім бар еді.

Кең далада жылқы еді баққаным.
Мұнай деген басымдағы бақ қалың.
Ел назарын аударады өзіне,
Бір көргеннен Шарындағы шатқалым.

Жылдардай боп жылжып аққан жылғалар.
Өткен күнім тарих болып бұл қалар.
Қазағымның даласында туылған.
Биіктігі таудан биік тұлғалар.

Тек өзіңе арналады от əнім.
Сұлулығы көздеріндей ботаның.
Қазақстан туған жерім тұғырым,
Оттан ыстық орны бөлек отаным.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады