Өзіңде туу жазылған...


Аманаты бабамның

Туын тіккен  көгіне.

Қасиеті  даламның

Нұрын төккен жеріне.

 

Еуразия  кіндігін

Алып жатқан кең далам.

Анам түріп түндігін,

Шаңырағы орнаған.

 

Туған жер-атамекенім.

Тербелген  сенде  бесігім.

Құшағына бәрін сыйдырып,

Айқара ашқан есігін.

 

Бір  сенде бақтың бәрі бар.

Мәңгілік  жұмақ мекенім.

Өзіңде  туу жазылған,

Маған сол бақыт жетеді.

 

Ауасын жұтып, тыныстап,

Жанымның дертін емдегем.

Суына шөлін қандырып,

Әжем де шәйін демдеген.

 

Асқар, биік таулары

Көк аспанмен ұласқан.

Өзең-көл, бақша-баулары

Таусылмас мәңгі жыр-дастан.

 

Қасиет дарып, құт қонған

Берекелі, құт мекен.

Өзіңде өткен әр күнім

Мен үшін бақыт, гүл-көктем.

 

Арайлап атып таңдарын.

Бағында құстар сайрасын.

Бейбіт күніннің қыраны

Көгінде биік самғасын.

 

Тіл көзден сақтап елімді

Еш жамандық болмасын.

Тұғырлы туған жерімді

Бабалар рухы қолдасын.

 

*****

Туған жердің таусылмай асылдары

Мәңгі гүл боп  жайнасын жасыл бағы.

Әнұраны шырқалып кең даламда

Желбіресін көгінде көк байрағы.

 

Қалам  ап (алып)  жырлап  өткен қазағымның

Ұмыт болып кетпесін ақындары.

Жау қолынан қорғаған ұлы  жерді

Қазақтың өр тұлғалы батырлары.

 

Тоғысқан тоғыз жердің жол торабы

Бірлікке, татулыққа шақырады.

Бір Алла нәсіп етіп барлығына

Туған жердің бұйыртсын топырағын.

 

                                       Мөлдір  Нұрланқызы


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу


Келесі мақала жүктелуде...