Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Бақас қас) » ZHARAR © 2016 | естеу нүсіпбеков Бақас қас өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков




  • »

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Бақас қас)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Бақас қас) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Бақас қас) на казахском языке

Аз пысық әлі бейғам жіктеліп жүр,
Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр.
Уымен бақастықтың ми зақымдап,
Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр.

Жасайды ағаға іні айла сауда,
Баласы әкесіне салмай сауға.
Күндестік ала мысық ішін тырнап,
Сарыарқа ит қосады Алаутаға.

Сумақай, заң бақылап Қызыл Түлкі,
Апталған да күптелген жайнап мүлкі.
Арыстан, Арлан Қасқыр тергейді оны,
Былайғы момын халық үрпі-түрпі.

Тас бітеу ізгілікке керт құлағы,
Апатқа аттам жерде соқтырады.
Қастастық қапы тауып, жым жасырып,
Мұстафа Өз Түріктей мерт қылады.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 643
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .