Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Сұраншыға) » ZHARAR © 2017 | сүйінбай аронұлы Сұраншыға стихи олен өлеңі ,суюнбай аронулы стихи на казахском языке, суюнбай аронулы олендери на казахском языке, суюнбай аронулы олен , сүйінбай аронұлы өлеңдері әдеби әлем, сүйінбай аронұлы өлеңдер




  • »

Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Сұраншыға)

Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Сұраншыға) казакша Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Сұраншыға) на казахском языке

Батыр - ай, кедейшілік жаман екен,
Бұл дүние азулының заманы екен.
Қолдаушың арт жағыңда көп болмаса,
Жауапсыз кедей жазған қалады екен.
Күжірейіп мына отырған Көпірбайың,
Бермеді Сүйінбайға тайдың майын.
Тай тұрсын, Сүйінбайға сен кімсің деп,
Жауапсыз бос қайтарды айтпай жайын.
Бар дейді мырза төре Тезек деген,
ЖыланыпИтенбайың безектеген.
Үш жүз жылқы ішінен тай тимеді,
Итенбай аттың майын беред деген.
Тезекке ойланып ем барайын деп,
Осындай сұрап едім керекпенен.
Өлеңді сөйлегеннен аянбадым,
Жеңген соң кедейшілік баяуладым.
Батыр-ай, атты қайдан мен аламын,
Шоңқайып қараша үйде жаяу қалдым.
Түспей не ғып тұр екен жер мен аспан,
Бос отырып кедейлар өле ме аштан?
Жылап жүрген нашарға көз салмайды,
Байдан - бейіл, батырдан - рахым қашқан.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 9 973
Рейтинг:
(голосов: 12)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .