Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Болыстарға баға) » ZHARAR © 2017 | сүйінбай аронұлы Болыстарға баға стихи олен өлеңі ,суюнбай аронулы стихи на казахском языке, суюнбай аронулы олендери на казахском языке, суюнбай аронулы олен , сүйінбай аронұлы өлеңдері әдеби әлем, сүйінбай аронұлы өлеңдер




  • »

Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Болыстарға баға)

Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Болыстарға баға) казакша Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Болыстарға баға) на казахском языке

Сыйқымбай өзің атың Аятбектен,
Сенде болат кездіксің асыл тектен.
Бойыңда қылтылдаған мінезің бар,
Әйтпесе озар едің талай көптен.
Ноғай мырза, атаң өліп бұл бір жұмыс,
Басыңа түскен екен қатты бір іс.
Болысың - Тілеуберді ана отырған,
Халқыңа оның өзі емес дұрыс.
Ақылсыз жігіт екен тыртаңдаған,
Бұл заманның болысы күй таңдаған.
Жек көргенін халық та сыйламайды,
Пәлеқор, ұры-қары келдің қайдан?
Әбілез, ұлы жүздің төресі едің,
Қарасам сендердің кең өңештерің.
Жақының - Байұзақты мақтасаң да,
Тұңғұйық қарасудың кемесі едің.
Жаныста әзіз Төле әділ болған,
Үшеуің де Төлеге теңеспедің.
Руы Шапырашты Саурық батыр,
Дулатқа асқар таудай емес пе еді?
Кеше өткен дүниеден екі үстінің,
Саурықпен қай жағынан теңес еді?
Болысқа сайламаса жамағатың,
Олармен тұрсыңдар ма егескелі?
Сыбағасын әр кімнің тартатұғын,
Ежелгі ата салты емес пе еді?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 5 994
Рейтинг:
(голосов: 117)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .