Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Батырбек датқа айтқандары) » ZHARAR © 2016 | сүйінбай аронұлы Батырбек датқа айтқандары стихи олен өлеңі ,суюнбай аронулы стихи на казахском языке, суюнбай аронулы олендери на казахском языке, суюнбай аронулы олен , сүйінбай аронұлы өлеңдері әдеби әлем, сүйінбай аронұлы өлеңдер




  • »

Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Батырбек датқа айтқандары)

Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Батырбек датқа айтқандары) казакша Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Батырбек датқа айтқандары) на казахском языке

Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек,
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Төрт Дулаттан тараған Сыпатайдың,
Келді ме деп ойлап ем қайғысын жеп.
Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дәу Батырбек дейді екен сені босқа.
Жақынын жаттай көріп айып сұрап,
Қысқалығың көрінді осы тұста.
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді,
Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,
Сенкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.
Құлмамбет, Таңсықпенен о да кетті,
Сүйегі соларменен бір кісі еді.
Батырбегім, топ болса айқайлайсың,
Үшеуінің қасында нең кісі еді?!
Елімді қорашсынба, дәу Батырбек,
Кеткен жоқсың олардың ақысын жеп.
Дәң кеуде, сом қабырға, қомпылдаған,
Жуан кісі екенсің ақылың жоқ.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 6 828
Рейтинг:
(голосов: 18)

.

. .