» » » Өлең: Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Барады жалған өтіп-ақ,
Белқұдық болды-ау топырақ.
Бір-ақ күнде сөнгені-ай,
Ордамда жанған шам-шырақ.
Аузыңнан арыз естімей,
Ел-жұртың қалды зар жылап.
Басыңа жастық қоя алмай,
Алғаның қалды аңырап.
Он жеті жаста асылым,
Отырып едің билікке.
Қиямет істің қиыны-ай,
Тастадың бізді күйікке.
Өтті ғой бізге зарыңыз,
Не болар енді халіміз.
Еңіреп отыр егіліп,
Атаңыз қосқан жарыңыз.
Құдай бір қосқан қосағым,
Буынған белім босадың.
Қарамай өткен бетіме
Дауысқа не деп қосамын?
Мылтық пен қылыш салғаның,
Таусылмай кетті-ау арманың.
Қапия басып қалың жау,
Тістеулі кетті-ау бармағың.
Ес жиып, етек жапқанша,
Түсті ғой маған салмағың.
Әуелгі жазу осылай,
Көтердім Алла салғанын.
Нешелер неше сан өтті,
Ақылы артық дана өтті.
Жау десе тізгін тартпаған,
Жәнібек батыр ол да өтті.
Он екі керей билеген,
Көгедайдай хан өтті.
Көкен, Топан, Бейсенбі,
Мырза Жұртбай тағы өтті.
Өр Алтайдың ұлығы,
Жуанхан, Тары...бәрі өтті.
Сол ерлердің ішінде,
Қажекемнің зары өтті.
Ізғұтты, Қылаң, Жарқынбай,
Солар да кетті-ау тартынбай.
Сол асылдар кеткен соң,
Кім қалар дейсің артыңда-ай?
Бұл күпір кімді алмаған,
Боқайдай ерді жалмаған.
Сол асылдар кеткен соң,
Құтылып ешкім қалмаған.
Сауабын Алла тигізсін,
Арнайын құран хатымды.
Сабырлық қылып тоқтайын,
Оңғарсын Алла артыңды.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 44 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Зука кажыны байбишеси Доридын жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы, қазақ ауыз әдебиеті Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Зука кажыны байбишеси Доридын жоктауы казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Зұқа қажыны бәйбішесі Д, Өлең: Зұқа қажыны бәйбішесі Доридың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке