Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыл өтті)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыл өтті) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыл өтті) на казахском языке

Білмеймін, күн өтті ме, жыл өтті ме?
Баяғы байыз таппас жүрек, міне,
Күн, айлар, жылдар өтті дүр етті де,
Бір тамыры болымсыз дір етті де,
Баяғы жүрек қалды.
Жүрек, міне.

Байғұсым ұзатып сап барлығын да
Өзі қалды өзінің хандығында.
Кеуде деген керемет сарайының,
Жаңа жылдық алауын жандыруда.
Жайлап қана ұзатып барлығын да.

Жүрек, міне,
Жан жүрек жүр менімен,
Дүрсілімен, ептеген кірбіңімен,
Түндерімен, беймаза күндерімен.
О, жалғызым!
Жабықпай жүр менімен.

Гүріліндей аспанның дүр етті де,
Жыл өтті.
Жүрек қалды дір етті де.
Күн айға, ай жылдарға ілекті де
Жыл өтті.
Жүрек қалды.
Жүрек, міне!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Жыл өтті өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Жыл өтті, жыл отти олен, мұқағали мақатаев Жыл өтті өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев олендери, Жыл өтті, жыл отти олен, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыл өтті), Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Жыл өтті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке