Қазақша өлең: Олжас Отар (Ауырмайды жүрек) » ZHARAR © 2016 | Олжас Отар Ауырмайды жүрек өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, Олжас Отар өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Ауырмайды жүрек




  • »

Қазақша өлең: Олжас Отар (Ауырмайды жүрек)

Қазақша өлең: Олжас Отар (Ауырмайды жүрек) казакша Қазақша өлең: Олжас Отар (Ауырмайды жүрек) на казахском языке

Жастықтың жалынды бір күні еді,
Тым ерекше атты таңғы арай.
Көздеріңе көзім байланғанда,
Жүрек тулап оттай жанғаны-ай.
Неге ояттың мені, жүрмедің бе?
Ой-санамды мәңгі жауламай.
Неге ғана маған кездестің сен,
Ғашық болдым қалай аңдамай.

Қайырмасы:

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сенсіз өткен күндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сені ойлатқан түндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Мөлдіреген көзің болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
«Сүйем» деген сөзің болмаса.

Жалындаған сол бір жаздың әнін,
Күз нөсері енді жалғасын.
Ауырады жүрек, ауырады,
Ауырады жүрек болғасын.
Біздей емес ол жақ, жылы дей ме?
Самғай бер, қанатың талмасын.
Жылатасың-дағы жұбатасың,
Әр бір сөзің атқан қорғасын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 81
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .