» » » Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Туғаннан соң анадан-ой!
Адамзаттың бәрі өлген-ой!

Жетім бала дегізген.
Жетім қалдым жасымнан,
Кетер ме қайғы басымнан.
Біз жыламай, кім жылар,
Айрылған соң асылдан?!
Дүние пәни жалған-ай,
Көңілде қайғы-мұңымды
Таусылмас, айтсам арман-ай!
Арманым қатты, дертім зор,
Қасірет ойлап болдым қор.
Жетім қалып жылатқан
Маңдайдағы қалың сор.
Жетімдік түсті басыма,
Қасірет деген осы ма?!
Тағдырын солай жазыпты
Қырық сегіз жасында.
Басымнан ұшты қызыл гүл,
Арманымды айтсам, талай жыр.
Қызықты дүние көре алмай,
Әуре болдың алты жыл.
Алты жыл тарттың заршылық,
Адамға сүйеу баршылық.
Ауырса да бел екен,
Жаңа түсті таршылық.
Айға толмай зарықтық,
Ақылдан әбден тарықтық.
Жолдас боп жүрген сүйекті,
Өзіңдей көрген жарықтық.
Ордаңа халық кеуші еді,
Көшінің қамын жеуші еді.
Ысқақбай мен Бекейді
Өзімдей көрем деуші еді.
Мұны ойлап бұлар мұңайды,
Түспеген кімге бұл қайғы.
Сөйткен қайран әкемді
Не деп айтсам ұнайды?!
Ұядан ұшқан өңкей жас,
Таппаса сөзді, сынайды.
Әке, орның тола ма?
Орнаған базар қораңа.
Жесір қатын, жас бала
Деген осы бола ма?
Ордаң қалды, өзің жоқ,
Ғайыптың ұшқан құсындай.
Қай құрбысы артылған,
Өзінің тұрғы тұсында-ай.
Әкем өліп, жетім қап,
Ойлап па едім осындай.
Қиямет-қайым болғанша,
Кеттің бе, әке, қосылмай?
Алыс-жуық ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Қайран, ғазиз әкемді,
Іздеп қайдан табайын?!
Мәмбет достың Құнақын,
Сүйегін танып дос болған,
Білмей ме арзан-қымбатын.
Қиярыстан, Мәнеке,
Уақ та достас ағайын.
Әбікей қажың белгілі,
Қайсысын айтып санайын.
Сол достарың келгенде,
Мұңымды айтып шағайын.
Ақ атаң да достарың,
Төлеубай, Қали, Қазықан—
Барыменен дос болып,
Ниетін қосқан талай жан.
Өткен зәңгі Емілбай,
Әмірін күткен мың мен сан.
Төлеубай досың бақытты,
Оң жағынан атқан таң.
Осылай болды ма мәніміз,
Дүние салды ханымыз.
Әкем сапар шеккен соң,
Шықпаған отыр жанымыз.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 59 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шоқанды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шоқанды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Есмағамбетті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Есмағамбетті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Тұрсынғалиды жұбайы Тұрдықанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Тұрсынғалиды жұбайы Тұрдықанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әйелдің ерін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әйелдің ерін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қадишаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қадишаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс (Қазақ ауыз әдебиеті)
Қазақша мақал - мәтел: Жетімдік
Қазақша мақал - мәтел: Жетімдік

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Мусиди он жети жастагы кызынын жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы, қазақ ауыз әдебиеті Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Мусиди он жети жастагы кызынын жоктауы казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Мүсиді он жеті жастағ, Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке