» » » Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Биссимилләдан бастайын,
Тездете айтып саспайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Аузымнан қайтып тастайын.
Есік алды қос арық,
Екеуі де бос арық.
Иманды болғыр, әкежан!
Қалдық қой біз бозарып.
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Өте шығар алдап-ай.
Әкешім, сенен айрылып,
Артыңда қалдық зарлап-ай!
Алдым биік, артым жар,
Айналатын жерім тар.
Иманды болғыр, әкежан!
Бір көруге болдым зар.
Әуеден ұшқан аққұтан,
Ойласам жалған бір тұтам.
Әлпештеп баққан, жан әке,
Өзіңді не қып ұмытам!
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағылып.
Иманды болғыр, әкежан,
Айрылып қалдым не қылып!?
Әуеден ұшқан ақ сұңқар,
Қанатымен жер сызар.
Айналайын, әкежан,
Маңдайымнан кім сипар?!
Ақ өркеш ұрды атылып,
Көк иірім кетті батырып.
Қайтып бір адам болайын,
Қайғымен таңды атырып.
Базардан алған тақтайым,
Сындырмай қайтып сақтайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Жыламай қайтып тоқтайын.
Есіктің алды қара су,
Ат өте алмас терең су.
Арманда кетіп, жан әкем,
Болдық-ау бүгін ұлар-шу.
Қара су басы шымды саз,
Қонбай өтпес үйрек-қаз.
Науқаспен тынбай күресіп,
Өтті-ау талай қыс пен жаз.
Есіктің алды тоспа көл,
Тоспа көл бойы соқпақ жол.
Мен жыламай кім жылайды,
Жүрекке толды қайғы-шер?!
Жүк ортасын ояйын,
Жүкаяқты қояйын.
Иманды болғыр, әкежан!
Жыламай қайтып қояйын.
Тау басында кекілік,
Кекілік отыр бекініп.
Жыламайын десем де,
Басыма түсті жетімдік.
Сауыны келсе бозінген,
Ботасын келіп емізген.
Жыламайын десем де,
Әкесі жоқ дегізген.
Үйге салған үзігім,
Қолыма салған жүзігім.
Артыңда қалды бесеуің,
Көре алмадың қызығын.
Мінгенде атым тел шұбар,
Тебінгіден тер шығар.
Алыстан келсем сағынып,
Алдымнан менің кім шығар?!
Қара ат міндім қатырдым,
Қабырға жүнін жапырдым.
Әкең өтті дегенде,
Ұйықтамай таңды атырдым.
Мекені құлан кең жазық,
Құлан еті жол азық.
Иманды болғыр, әкем-ау,
Орының қалды құлазып.
Қайыңнан алған күрегім,
Қайғылы болған жүрегім.
Мен жыламай, кім жылайды?
Әкем еді-ау, тірегім!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 61 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Кәрімді Ырысалдының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Кәрімді Ырысалдының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Күйеуін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Күйеуін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Биссимилләдан бастайын өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Биссимилладан бастайын казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Биссимилләдан бастайын, қазақ ауыз әдебиеті Биссимилләдан бастайын өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Биссимилладан бастайын казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Биссимилләдан бастайын, Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке