» » » Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.
Тіл, көмектес тиегім,
Жан әкем кетіп бақиға,
Запыран болды жүрегім.
Жылқы ішінде қызылды-ай,
Жал-құйрығы ұзынды-ай.
Алтыннан соққан қорғаным,
Абайсыз күні бұзылды-ай.
Жан әкем еді-ау, бас қалқам,
Жаюлы құран дастархан.
Иманды болғыр, жан әкем,
Бір ауылды басқарған.
Сар таудың басы көрінер,
Көрінсе, көңілім бөлінер .
Орының қалды-ау құлазып,
Қабырға қолым сөгілер.
Қарасам тауға леп етіп,
Көзімнің жасы төгілер.
Тарбағатай үлкен тау,
Тымаққа таққан тұрғын бау.
Иманды болғыр, әкем-ау!
Бір көруге болдым зар.
Құранның басы биссимилла
Көп мағына бар мұнда.
Келмеске кетті-ау, жан әкем,
Кім сенер пәни құрғырға?
Алдымда асқар бел еді-ау!
Мейірің шалқар көл еді-ау!
Асқар тау құлап жер болды-ау!
Шалқар көлім шөл болды-ау!
Әкем еді-ау зерегім,
Ағайынға құрмал керегім.
Іші гаухар, сырты алтын,
Құлады-ау сая терегім.
Жылқы ішінде көк қасқа,
Көкірек пен тіл басқа.
Аға бауыр болса да,
Әкемнің орны бір басқа.
Базардан алған алты шоқ,
Алтауында маржан жоқ.
Арып-шаршап келгенде,
Орның жатыр, өзің жоқ.
Ойласам, от боп жанамын,
Жыласам, судай ағамын.
Иманды болғыр, жан әкем,
Іздесем, қайдан табамын?
Арқасында әкемнің,
Жайынға түскен қармағым.
Бұлтқа да созғанмын
Жете ме деп бармағым.
Жасын түсіп аспаннан
Көңілімді жасытты .
Опасыз пәни білдірді-ау,
Дүние сұмның жалғанын!
Әптиек басы Әліпті-ай,
Жиырма сегіз әріпті-ай.
Иманды болғыр, жан әкем!
Жазуың солай болыпты-ай!
Арғымақ аттың аласы-ай,
Аяғында тағасы-ай.
Иман айтып өтіп-ед,
Қабыл да болсын тәубасы-ай!
Иа, пірім, Алла, Тәңірім,
Осылай ма еді әмірің?!
Иманды болғыр, жан әкем!
Нұрға толсын қабірің!
Жылағаным жыр болсын,
Көзімнің жасы нұр болсын!
Аузымнан шыққан лебізім
Саялы самал көл болсын!
Сөз бастап едім қаламнан,
Жүрекке түскен жарамнан .
Жылады деп сөкпеңдер,
Айрылдым халқым панамнан.
Топырағың торқа боп,
Пейіштен орын алыңыз!
Иманды болғыр, бас қалқам.
Жаннатта болғай жаныңыз!
Жаннаттан есік ашылсын!
Алуан шешек шашылсын!
Ақыретте деп кеткен шешем де,
Алдыңнан шығып қосылсын!
Пайғамбар аты Сүлеймен,
Алладан медет тілеймін.
«Сабыр қыл» деп ел отыр,
Сабыр сақтап көнейін.
Жарылқасын алдыңнан,
Онан басқа не дейін!
Басыңа барып әрдайым,
Оқытып құран жүремін.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 62 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді
"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді
"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)
"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)
"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды
"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Өлең: Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Бәйтіш Үкірдайды келіні Шалқанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қадишаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қадишаның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Мүсиді он үш жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Алтынхан Толенхан кызынын акесин жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы, қазақ ауыз әдебиеті Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Алтынхан Толенхан кызынын акесин жоктауы казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Алтынхан Төлеңхан, Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке