» » » Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Піссіміллә деп бастайық,
Артық айтып саспайық.
Иманды болғыр, Атекем,
Жыламай қайтіп тастайық.
Арғымақ келед еңістен
Ертоқымы күмістен.
Иманды болғыр, Атекем,
Бұйырғай орын бейіштен!
Базардан келген хат-қағаз,
Қаттауын адам жаза алмас.
Атекем еске түскенде,
Амалын адам таба алмас.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Атекем еске түскенде,
Аузымнан қайтіп тастайын!
Жылқы ішінде қоңыр жал,
Жылқыда жоқ оған пар.
Кеше де жүрген Атекем,
Бір көруге болдым зар!
Жылқы ішінде көк дөнен,
Жал-құйрығын өрмеген.
Атекемнен айрылып,
Отыр ғой жаным өлмеген!
Базардан келген қорғасын,
Қорғасын күміс болмасын.
Айналайын, Атекем,
Иманың болсын жолдасың!
Жылқы ішінде бозғыл көк,
Бәйгеден келер озғындап.
Артыңда қалған ұрпағың,
Кетер ме екен, тозғындап?!
Мінгенде-ей, атың, кекілді-ай,
Жолаушы кеткен секілді-ай.
Жолаушы кетсе келмей-ме,
Келмес жерге бекінді-ай!
Жылқы ішінде қарагер,
Қиналса шығар қара тер.
Мен жыламай кім жылар?!
Ішім толған қайғы-шер!
Есіктің алды сар дала,
Жағалай соққан ақ қала.
Жыламайын десем де,
Жұрағатың жас бала.
Есіктің алды сұр жазық,
Құланның еті жол азық.
Жыламайын десем де,
Орның қалды құлазып.
Есіктің алды молады-ай,
Молаға сұңқар қонады-ай!
Атекем, менің, кеткен соң,
Кімдер пана болады-ай?!
Әуеден ұшқан тотықұс,
Балақта жүні қос уыс,
Бұл жалғанда көру жоқ.
Иманды болғыр, Атекем,
Қиямет күні қосылыс!
Базардан келген жібегім,
Осылай болсын тілегім.
Қиямет-қайым болғанда,
Қосылар ма екен сүйегім?!
Жаратқан Алла, Құдайым!
Бір өзіңе жылайын.
Жылағанмен амал не?!
Өткенге иман сұрайын...
Әуеден шыққан бозторғай,
Балақта жүні бос болғай!
Бұ жалғанда көру жоқ,
Қош бол, Ата, қош болғай!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 59 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ұстазды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ұстазды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Абдолланы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Абдолланы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ысқақ Үкірдайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ысқақ Үкірдайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Енесін келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ерторыны екі келінінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ерторыны екі келінінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Келіннің атасын жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Шәріп Құскелді қызының Қабибаны жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Әкені жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Жылқы ішінде дөнен кер (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Жылқы ішінде дөнен кер (Қазақ ауыз әдебиеті)

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Келіннің жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Келиннин жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Келіннің жоқтауы, қазақ ауыз әдебиеті Келіннің жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Келиннин жоктауы казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Келіннің жоқтауы, Өлең: Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке