Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ананың хаты) » ZHARAR © 2016 | сәкен сейфуллин ананың хаты, сәкен сейфуллин анаға хат өлеңі, сәкен saken сакен сейфуллин Ананың хаты өлең олен казакша,стихи сакена сейфуллина на казахском языке , олен




  • »

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ананың хаты)

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ананың хаты) казакша Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ананың хаты) на казахском языке

Байғұс ана хат жазыпты,
Депті «балам сағындым»,
Ұмыттың ғой бізді тіпті,
Бір келмедің неғылдым?

Оқу іздеп кеткеніңнен,
Ауылға бір қайтпадың.
Біз не көрдік жеткеніңнен,
Елге кеп уәз айтпдың.

Балам едің емшек берген,
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Анаң едім жапа көрген,
Сені өсіру дерт болып.

Жас күніңде көп ойлаушы ем,
Сені әлдилеп тербетіп.
«Арманым жоқ» деп ойлаушы ем,
Қалқам өсер ер жетіп.

Болмай шықты ойлағаным,
Сен жігіт боп жеткен соң,
Қалжырадым, ойла жаным,
Сен алысқа кеткен соң.

Талай жылап жүруші едім,
Сенің бала кезіңде.
Неге екенін білуші едің,
Қалқатайым, өзің де,

Алданышым қалқам еді,
Сонда менің қуатым.
Сен тұңғышым – марқам едің,
Бар қайғымды жуатын.

Көрмеп едім жар қызығын,
Бір сен едің тілегім.
Бір сен едің бар қызығым,
Шыбын жаным, жүрегім!

Қарай-қарай көрінгенге,
Екі көзім төрт болды.
Еш қайғым жоқ сенен өзге
Аш өзегім өрт болды.

Ойла, енді кім мені күтті,
Қартайдым, кем саулығым.
Үсті-басым тозып бітті,
Тозды баста жаулығым.

Кетсең «балам» өз алдыңа,
Мен не болам, біл өзің.
Елестейді көз алдыма,
Бала күнгі мінезің.

Бала едің сен жыламайтын,
Еркелікті білмеуші ең.
Жоқты бар деп сұрамайтын,
Және орынсыз күлмеуші ең.

Отырғанда от басында,
Ертек айт деп қоймаушы ең.
Тұрымтайдай бо қасымда,
Тыңдауға бір тоймаушы ең.

Ертек айтсам нанушы едің,
Құмарланып, құлыным.
Көзіңде от жанушы еді,
Салбырап қос тұлымың.

Қызық еді ойындарың,
Бәйге тігіп жарысқан,
Ұзын шыбық сойылдарың
Жаумен ел боп алысқан.

Өңкей бала екіұдай боп,
Намыс үшін дуласқан.
Кек алуға тегіс сай боп,
Жасақ құрып жауласқан.

Жауға жасақ сайлаушы едің
Үлкен болып саптанып.
Сен түсіріп байлаушы едің,
Келген жауды аттанып.

Сөйтіп кейде зорлық көрсең,
Жылап үйге қайтпаушы ең.
Іште сақтап қорлық көрсең,
Жанға шығып айтпаушы ең.

Пәлен жерде сені сырттан,
Ұлық болды деседі.
Ағайының естіп жұрттан,
Гулеп желдей еседі.

Арманым зор, неғылайын,
Елге келіп тұрмадың,
Маған салып сары уайым,
Артқа мойын бұрмадың.

Сен де «халық биі» болмас па ең,
Болмас па едің комитет,
Елге сен де сый болмас па ең?
Тілімді алсаң нең кетед!

Сені дағы ел қадірлеп,
Түсер еді түрлі сый,
Мал жинар ең, сен де түрлеп,
Оюлы отау, тігіп үй.

Енді қалған өмірімді,
Келінім боп күтер ед.
Әлдилесем немеремді,
Бар арманым бітер ед.

Ойла, енді кім мені күтті,
Қартайдым, кем саулығым.
Үй іші де тозып бітті,
Тозды баста жаулығым.

Қалжырадым, сағындым мен,
Бір кеп көрін көзіме.
Ұмытқандай неғылдым мен?
Жауап қайыр сөзіме!

1925 жыл, 25-желтоқсан.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 30 883
Рейтинг:
(голосов: 57)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, әке ана туралы өлеңдер, ана туралы өлең жолдары, ана туралы өлең, , сәкен сейфуллин ананың хаты, сәкен сейфуллин анаға хат өлеңі, сәкен saken сакен сейфуллин Ананың хаты өлең олен казакша, стихи сакена сейфуллина на казахском языке, олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин, казакша олен сакен сейфуллин, скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері, , сәкен сейфуллин ананың хаты, сәкен сейфуллин анаға хат өлеңі, сәкен saken сакен сейфуллин Ананың хаты өлең олен казакша, стихи сакена сейфуллина на казахском языке, олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин, казакша олен сакен сейфуллин, скачать стихи са, Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ананың хаты) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .