Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Біз) » ZHARAR © 2017 | сәкен saken сакен сейфуллин Біз өлең олен казакша,стихи сакена сейфуллина на казахском языке , олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин , казакша олен сакен сейфуллин , скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать , сәкен сейфуллин өлеңдері скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Біз)

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Біз) казакша Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Біз) на казахском языке

Асау өсіп арқада
Жүген, құрық тимеген,
Матау көрмей ер жетіп,
Жасынан ноқта кимеген,
Бостандық, кендік, еркіндік -
Басқаны жаны сүймеген,
Бұғалық салса ұстауға
Ақырып тулап сүйреген,
Арқаның болдық ұланы,
Еркін өскен бұланы.
Теңдік іздеп кедейге,
Жауызға көнбей туладық.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.
Қараңғы, суық зынданды
Жатақ қылды тәніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың
Аузында болды жанымыз.
Өмірінде жауыздың
Кетіп адам сәніміз,
Арыстандай жаралы
Өртенді қайнап қанымыз.
Бір шұңқыр су, түйір нан
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,
Жастығымыз тас болды.
Тас көмірдің топырағы
Денені басып қаралап,
Тас көмірдің түтіні!
Өкпені қауып аралап,
Қырлы темір шынжырлар
Қол-аяқты жаралап,
Жауыздардың дұзағын
Көрдік қорлық, азабын!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 5 104
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .