Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ақсақ киік + видео) » ZHARAR © 2017 | сәкен saken сакен сейфуллин Ақсақ киік өлең олен казакша, стихи сакена сейфуллина на казахском языке, олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин, казакша олен сакен сейфуллин, скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері,




  • »

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ақсақ киік + видео)

Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ақсақ киік + видео) казакша Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ақсақ киік + видео) на казахском языке

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел-жайлау, өзен яки көл болмайды.
Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
Көгала бетегелі бел болмайды.
Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,
Сайланып қыс ішінде талай көштік.
Азамат, ат пен айғыр, атан ғана
Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.
Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген,
Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген.
Казақтың малдарындай қыбырласып,
Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген.
Жалғыз-ақ ел жылында көшіп өтер,
Асығып қар суымен "несіп етер".
Қаптасып, көшкен елмен дамыл алмай,
Мергендер аң ауласып кәсіп етер.
Мергендер дамыл алмай киікті атқан,
Ауылды қан сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
Азайып бірте-бірте келе жатқан!..
Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,
Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.
Таңы - аппақ, екі көзі мөлдір қара,
Тигендей емес адам көзі қиып.
Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңнан баяғыда өреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кез келеді анда-санда саяқ-некен.
Кей қазақ әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы.
Қиырсыз, Бетпақ дала... қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғандайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай.
Ел қайда? Ел алыста - шулаған ел!
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
Ақбөкен сахаранын бота көзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?
Келеді қаңғылақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.
Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..
Бота көз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..

Сәкен Сейфуллин - Ақсақ киік (жүктеу)



Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 28 937
Рейтинг:
(голосов: 36)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, сәкен saken сакен сейфуллин Ақсақ киік өлең олен казакша, стихи сакена сейфуллина на казахском языке, олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин, казакша олен сакен сейфуллин, скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері, , сәкен saken сакен сейфуллин Ақсақ киік өлең олен казакша, стихи сакена сейфуллина на казахском языке, олен казакша Қазақша өлең сәкен сейфуллин, казакша олен сакен сейфуллин, скачать стихи сакена сейфуллина на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на ка, Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин (Ақсақ киік + видео) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .